0:00 / 0:00
Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов Ақжайық жерінде атқарылған алты айдағы жұмыстарды саралап депутатар алдында есеп берді . Өңірде барлық сала бойынша атқарылған жұмыстар нәтижелі көрсеткішке ие. Облыс әкімі атап өткендей ел Өңір үшін маңызды оқиғалардың бірі Мемлекет басшысының облысқа жұмыс сапары болып табылады. Президент облыстың әлеуметтік-экономикалық даму бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Соның ішінде Республикалық маңызға ие жолдары жөндеу қажеттігі айтылған еді. Осы орайда биыл Орынборға дейінгі 144 шақырым жолын қайта жаңғырту бойынша жол құрылысын 2019 жылы бастау жоспарлануда.Сонымен қатар облыс халқының өмір сүру сапасы артып келеді. Білім беру саласында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту мақсатында білім ошақтары бой көтеріп, интернет желісі қашық аудандарға жетіп ұстаздар қауымының білім біліктілігі арттырылуда. Сонымен қатар өңір мекендерін 50 пайыз ауыз сумен қамту мәсеселі де шешімін табуда. Облыс халқының ата кәсібі ауыл шаруашылығ болғандықтан 2018 жылы ауыл шаруашылығын қолдау шараларына 12 млрд. теңге бөлінді, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 30%-ке артқан.Сондай ақ облыс орталығы Орал қаласының көлемі уақыт өткен сайын артып жаңа шағын аудандар бой көтеруде. Халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «7-20-25» мемлекеттік және басқа да салалық бағдарламалары да сәтті жүзеге асырылуда.