Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ

c 12:36, 14/02/2023 c 107

Өз кәсібін ашып, өзін-өзі және халықты жұмыспен қамту мақсатында мемлекет қаржылай қолдау ұсынады. Бүгінде қайтарымсыз грант мөлшері 1 млн 380 мың теңгені, ал жастарға арналған несие 2,5 пайызды құрайды. Микрокредиттің ең жоғарғы сомасы - 5 млн теңгеге дейін кепілмен қамтамасыз етілуі шарт. Алайда бұл қолдауға қол жеткізу кезінде қызығушылық танытқан азаматтар бірқатар қателіктерге жол береді. «Отбасы» орталығында бас қосқан сала қызметкерлері мемлекеттік қолдаудың мақсаты мен ерекшеліктерін түсіндірді.

Бүгінде қайтарымсыз грант шеңберінде кәсібін дөңгелеткен тұлғалардың қатарында көпбалалы отбасылар бар. «Отбасы» орталығы әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың кәсіпкерлік саласындағы білімін жетілдіруіне бағыт берсе, грант иегерлері бұл көмекті тиімді пайдаланған. Мәселен, Самат есімді Орал қаласының тұрғыны қой шаруашылығымен айналысып, алда оның өнімін тұрмыста қолданудың тетіктерін қарастыруда.

Қайтарымсыз гранттың сомасы ұсынылған бизнес-жобаға байланысты. Мамандардың айтуынша, бизнес-жобаны дайындау барысында басты талаптарды ескерген жөн.

Мемлекеттік қолдауға ие болған азаматтар міндетті түрде мамандар бақылауында болады. Белгілі болғандай бөлінген қаражат мақсатты жұмсалуы тиіс. Бұл бағытта «қаржылық сауаттылық» маңызды рөл атқарады. Сала мамандары «Отбасы» орталығында жоспарлы өтетін қаржылық сауаттылық курстарынан бас тартпауға кеңес береді. Тұрғындарды еңбекке тарту бағытындағы мемлекеттік шаралар туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға мүмкіндік бар.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.