0:00 / 0:00
Бүгіннен бастап. Орал қалалық №1 және №2 аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімдері штаттық режимде жұмысына кірісті. Бұған дейін еліміздегі ахуал мен интернет желісінің айрылуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары уақытша жұмысын тоқтатқан болатын.Мемлекеттік корпорация сағ. 09:00-18:00 аралығында азаматтарды қабылдайды. Мамандандырылған бөлім уақытша жұмыс жасамайды. Өйткені еліміздегі ахуалға орай құқық қорғау қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен. Айта кеткен жөн мемлекеттік қызметтердің 645 түрін eGov.kz порталы және 120-дан астам қызмет түрін eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.