Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ

c 13:21, 31/07 c 28

0:00 / 0:00

12 тамыз - халықаралық жастар күні. Облыста жастар күнін тойлау 1 тамызда басталады.

ДАРХАН КАДРАЛИЕВ

БҚО ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Сондай-ақ биыл іске қосылған «Жайық жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы аясында жас отбасыларға пәтер кілттері табысталады. 3 тамыз күні қала және аудандарда бір уақытта «Таза Қазақстан» акциясы өтеді. Бұған 5 мың жасты қамту жоспарланған. 4 тамызда табысты тұлғалармен кездесу, 5 тамызда жастарға кеңес, 6 тамызда «Білімділер додасы», 7 тамызда «Бастаңғы» ойындары оздырылып, 10 тамызда КВН облыс әкімінің кубогі ойнатылады. 10-12 тамызда негізгі іс-шара - «Жайық жастары» фестивалі өтіп, үздіктер анықталады.

АҢСАР ИБРАЕВ

БҚО ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің жүлде қоры 2 млн 300 мың тг. Жалпы командалық орынға 500, 300, 200 мың және әр аталым бойынша 100 мың теңге берілетін болады. Фестивальге 14-35 жас аралығындағы БҚО жастары қатыса алады. Айта кетсек, мерекеге орай 31 ақынның өлеңдері енген «Ақ Жайықтың аспаны» кітабы жарыққа шықса, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты иегерлеріне 1 млн сертификаты табысталады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.