Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ

c 19:02, 15/05 c 29

0:00 / 0:00

Қазақстанда 15 мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. Бұл күні отбасы құндылықтарын нығайтуға және жанұяның қоғамдағы беделін арттыруға арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Айтулы күнде Орал қаласында да дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау мен нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті.

БҚО ҚХА-ның Достық үйінде «Ақ Отау» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен салтанатты шара өтті. Жиынға облыстағы үлгілі, көп ұлтты және көп балалы отбасылар шақырылды. Шара барысында қоғамның дамуына, өскелең ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосқан отбасыларға алғыс айтылды.


Іс-шарада өзара түсіністік, қолдау, сүйіспеншілік пен құрмет сияқты дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайту маңыздылығына ерекше назар аударылды. Жиынға қатысушылар әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқаты үшін қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік қолдау жасалуы қажет екенін атап өтті.

Кездесу барысында отбасылар тәжірибе алмасты. Қатысушылар өз пікірлерімен, ұсыныстарымен, берік қарым-қатынас орнатудағы табыстарымен бөлісті. Олардың арасында үш бала тәрбиелеп отырған Тұрқаевтар әулетінің отағасы да бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.