Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰСТАР КҮНІ

c 16:11, 05/04/2023 c 113

0:00 / 0:00

Халықаралық құстар күні - 1 сәуірде тойланатын экологиялық мереке. Айтулы күнге орай облыстық табиғат және экология музейі жыл сайын түрлі шаралар ұйымдастырады. Биыл да бұл дәстүр сақталып, эстетикалық бағыттағы гимназия ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен жиын өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мектеп оқушыларын қоршаған әлемге құрметпен қарауға тәрбиелеу және қауырсын қанат достарына қамқорлық жасау дағдысын қалыптастыру - басты мақсаттардың бірі. Республика аумағында құстардың 500-ге жуық түрі мекендейді. Олардың көбі Қазақстанда ұя салады. Енді өзгелері қыстау үшін келеді немесе көктем мен күзде ұшып кететін құстар.

Ер балалар іс-шараға алдын ала дайындалып, құстар туралы тақпақтар айтып, жұмбақтардың шешімін тапты. Оқышылар қоршаған ортада қандай құстар мекендейтіні туралы көптеген қызықты мәліметтерге қанық болғанын айтады. Мәселен, құстар зиянкестердің санын реттеп, ағаш тұқымын таратуға, экожүйеге баға жетпес пайда әкелуге септігін тигізетіні жөнінен хабардар болды.

Іс-шараның соңында жас табиғат жанашырлары серуенге шығып, әкелерімен бірлесіп жасаған құс ұяларын теректерге орнатты.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.