Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»

c 16:44, 24/02/2021 c 693

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысына ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жұмыс сапарымен келді. Министр Ерлан Тұрғымбаев Орал қаласының жедел басқару орталығының жұмысын тексерді. Ведомство басшысына учаскелік пунктер мен стационарлық бекеттердің жабдықталуы көрсетілді. Ол өз сөзінде халықтың полицияға сенімінің артқанын айтты. "Соңғы уақытта тұрғындардың көп жиналатын орындарына полиция пункттерін қою, халықтың қауіпсіздігіне баса назар аудару жұмысы жолға қойылып келеді",- деді.Ел Президентінің тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында министрлікпен «102 KZ» мобильдік қосымшасы іске қосылды. Бүгінгі таңда қосымшаны пайдаланып, бүкіл ел бойынша 1 мыңнан астам адам көмек алса, полиция пункттері арқылы 500-ге жуық тұлғаның құқығы қорғалған. Халықты қылмыстан қорғау, қауіпсіз және жайлы өмір сүру жағдайларын ұйымдастыру үшін халықпен әрдайым байланыста болу, азаматтарымызға төнетін қауіптің алдын алу өте маңызды. Сондықтан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қызметтің барлық саласында қолданылатын болады. Оралда адам көп жиналатын және криминогенді жерлерде 10 жаңа модульді стационарлық полиция бекеті қойылған. Солардың бірінің жұмыстарына қанық болған топ полиция нарядтарында тәулік бойы қызмет атқару үшін қажеттінің бәрі бар екеніне көз жеткізді. Министр жергілікті атқарушы органдардың полиция қызметкерлеріне қызмет атқару үшін қажетті жағдай жасауға қолдау білдіріп жатқанына оң баға берді.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.