Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Халық бірлігіне арналған жаппай жүгіру шарасы өтті

c 22:17, 06/05 c 3

0:00 / 0:00

Орал қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай алғашқы республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті. Қалалық саябақта өткен шараға жүзден астам адам — балалардан бастап зейнеткерлерге дейін — қатысты. Қатысушылар достықты, татулықты және ұлтаралық келісімді насихаттау мақсатында символикалық қашықтықты жүгіріп өтті.

Орал қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай алғашқы республикалық «Бірлік жүгірісі – 2025» марафоны өтті. Қалалық саябаққа ең кішкентай қатысушылардан бастап зейнеткерлерге дейін 100-ден астам адам жиналып, достық пен татулықты насихаттау мақсатында символикалық қашықтықты жүгіріп өтті.

Балалар үшін 500 метр, ал ересектер үшін 3 шақырым қашықтық белгіленді. Жүгіруге әкімдік қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы атап өтіліп жатқандықтан, бұл марафон мерекелік іс-шаралардың бір бөлігіне айналды. Қатысушылармен бірге Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев те жүгіріп өтті.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Қадралиевтің айтуынша, бұл марафон алдағы жылдары дәстүрлі түрде өткізілетін болады. Ол барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, мұндай іс-шаралардың өңір тұрғындарының өзара түсіністігі мен бірлігін нығайтатынын атап өтті.

:Мәреге бірінші болып жеткен қатысушы өз әсерімен бөлісті. Шара мерекелік концертпен аяқталды. Сахнада би ансамбльдері мен фольклорлық топтар өнер көрсетіп, көрермендерге достық пен бірліктің рухын сыйлады. Сонымен қатар, БҚО әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев белсенді қатысушыларға медальдар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыс етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.