Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ХАБАР-ОШАРСЫЗ КЕТКЕНДЕР САНЫ АРТЫП ЖАТЫР

c 19:34, 06/03/2023 c 98

0:00 / 0:00

Хабар-ошарсыз кеткендер саны көп. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылы 1600 адам із-түссіз деген хабарлама түсті. Оның 596-ы кәмелет жасқа толмаған балалар. Ал жалпы елдің бір апта ішіндегі кримонегендік ажғдайына тоқталсақ. 3000 қылмыс жасалып, оның 1849-ы тәулік ішінде ашылған.

«Үйден шығып кетіп, қайта оралмады». Өкінішке орай бұл сөзді жиі еститін болдық. Бүгінде қаншама ата-ана мен туған-туыс , бауырлары хабарсыз кеткен жақынын іздеп, сабылып, полицияның табалдырығын тоздырады. Адамдар неге жоғалады? Із-түссіз жоғалғандар неге жиілеп барады? Сұраққа жауап әртүрлі. Полицияның мәліметінше, ағымдағы жылы 1600 адам хабар-ошарсыз кетті. Ал оның 596 жасөспірімдер. Бұл тек екі айдағы сатистика.

ҚУАНЫШ ИБРАЕВ – ҚР ІІМ ДЕПАРТАМЕНТ ӨКІЛІ «Осы жылы полицияға 1600 адам хабар-ошарсыз кетті деген хабарлама түсті. Соның ішінде 596 кәмелетке толмаған балалар. Оларды іздеу жұмыстарына барлық күшімізді салып, уақытымызды арнаймыз. Көбісі жақындарынан әдейі тығылады»

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күніне шамамен 5-6 арыз түседі. Кейбірі бірден табылып жатады. Өздері табылғандар да болады. Жасөспірімдер арасында балалық жасаған әрекеттер орын алады. Бала сабақтан шығып, достарымен ойнап кетеді. Өкінішке орай компьютерлік клубтарда тәуліктеп отыратын да жоқ емес. «Балам жоғалып кетті», «мектептен уақытында келмеді», «ұялы телефоны сөніп тұр, хабарласа алмай отырмыз» деген арыздар полицияға жиі түседі. Полицейлердің айтуынша, егер жоғалған адам 10 жыл ішінде табылмаса іс тоқтатылады. Хабар-ошарсыз кеткен адамның атында жеке мүлкі немесе үйі болса, 10 жылдан кейін өлгендер санатына жатқызып, іс сотқа жіберіледі. Ал жалпы елдегі кримонегендік жағдайға тоқталсақ, өткен бір аптада 3000 қылмыс жасалған.

Өздеріңізге мәлім, қазір орын алған қылмысты тезарада ашуға қоғамдық орындарда, ғимараттарда орнатылған бейнекамералар көмек болып тұр. Нәтижесінде, өткен жылы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың төмендеу үрдісі байқалды дейді министрлік өкілі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.