0:00 / 0:00
Қала күнін мерекелеу аясында мәдени іс-шаралармен қоса, спорттық сайыстар өткізу дәстүрге айналған. Солардың бірі – қала әкімінің жүлдесіне арналған волейбол додасы. Биылғы жарыс 16 команданың басын қосқан. 2007-2008 және 2010-2011 жылы туған спортшылар арасында өтуде. Маңғыстаулық «Каспий» командасының Орал шаһарына бірінші мәрте келуі. Алғашқы екі ойында төмен ұпай жинаған волейболшылар «кезекті кездесуде белсенділігімізді арттырамыз» дейді.
АБАЙ ӘМІРХАНОВ
МАҢҒЫСТАУДЫҢ «КАСПИЙ» ВК ОЙЫНШЫСЫ
ЕРЛАН ОТИМОВ
МАҢҒЫСТАУДЫҢ «КАСПИЙ» ВК ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Турнирдің ашылу салтанатына қала әкімі Миржан Сатқанов қатысып, волейболшыларға сәттілік тіледі. Шаһарда спорттың дамуы қарқын алып, бұқаралық спортпен шұғылданушылардың қатары артқанын да атап өтті.
МИРЖАН САТҚАНОВ
ҚАЛА ӘКІМІ
Волейбол додасына Ресейдің «Нова» командасы, Мәскеу, Новокуйбышевск қалалары, Орынбор, Самара облыстары, Башқұртстан Республикасының Уфа қаласынан спортшылар қатысуда. Сондай-ақ еліміздің Астана, Павлодар, Шымкент, Орал, Астана, Ақтөбе, Атырау, Ақтаудың командалары бақ сынауға ниет білдіріпті. «Бірінші ойыннан-ақ волейболшылардың тың дайындықпен келгені байқалады» , - дейді төрешілер. Жеңімпаз құрама мен үздік ойыншылардың есімі 8 қыркүйекте анықталады.