Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Вице-министр отставкаға кетсін

c 20:05, 07/11/2019 c 580

0:00 / 0:00

Сенаторлар плагиат төңірегіндегі даудан кейін білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы отставкаға кетіру сұрады. Вице-министрді біреудің ғылыми жұмысын меншіктеп алды деген сын айтылуда. Бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында депутат Еділ Мамытбеков білім минситрлігіндегі былықтар жайныда айтып, мәселені Үкімет басшысы Асқар Маминнің алдына қойды. Өз кезегінде палата төрайымы Дәриға Назарбаев депутаттық сауалға жауапты бір ай күтепй, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті сенатқа шақырып, түсінік беруін талап ету керек деді.

Соңғы кезде білім және ғылым министрлігінің кадрларына қатысты шулы іс көбейіп кетті. Қоғамда қызу талқыланған істің бірі білім және ғылым министрінің орынбасары Фатима Жақыпованың "жалған ғалым" атануы. Отнадық БАҚ пен шетелдік ұйымдарда қазақстандық вице-министрдің плагиат екені айтылып жатыр. Сенатор Мамытбековтің айтуынша, тіпті  әлемде мойындалған екі антиплагиаттық жүйе басқа біреудің ғылыми жұмысын пайдалану фактісін растап отырса да,  ведомстволық ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығын пайдаланып, қазақстандық қоғамды жаңылыстыру - мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексін бұзу үрдісі жүріп жатыр. Депутат елде ғылымды басқаратын өкілетті органда объективтілік пен әділдік жоқ дейді. Ал Үкімет басшысына жолдаған сауалында "жалған ғалым" деп айыпталса да, әлі күнге дейін жұмыс істеп жүрген вице-министр Жақыпованың қызметтен кеткені жөн екенін айтты

Қазақ ғылымын масқаралаған мәселеге палата төрайымы Дәриға Назарбаева араласты. Спикер бұл сауалға жауапты бір ай күтпей, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті Сенатқа шақырып, түсінік талап ету керек деді.

Дәриға Назарбаева – ҚР парламент сенатының төрағасы; «Бұл мәселені жылдам шешу үшін, Білім және ғылым министрін шақырып, үкімет сағатын өткізейік. Ведомствосындағы барлық олқылықтар үшін түсінік беріп, жауап берсін. Бір ай күтудің қажеті жоқ. Сіз сауалыңызды жолдай беріңіз»

Сенатор Мамытбеков ғылыми ұйымдар арасында қаржыны бөлу кезінде түйткілді мәселелер орын алып жатқанын да алға тартты. Қазір елде ешқашан еш жерде қолданысқа енгізілмейтін жобаларға қыруар қаржы бөлінеді. Ал құнды, қоғамға пайдасы бар жобалар назардан тыс қалады, яғни  бөлінген ақша сапалы жүзеге асырылмайды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.