Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ВЬЕТНАМҒА ЭКСПОРТТЫ АРТТЫРУ ЖОСПАРЫ БАР

c 18:28, 20/05 c 77

0:00 / 0:00

Қазақ-вьетнам сауда министрлері бас қосқан жиында екі елдің сауда айналымын нығайту жолындағы жасалған жұмыстар мен жоспарлар кеңінен талқыланды. Сауда министрі Арман Шаққалиевтің айтуныша, екі елдері арасындағы өзара сауда жыл сайын оң динамика көрсетіп отыр. Өткен жылы тауар айналымы 85,4%-ға өскен. Алайда, мұнымен шектелмей, Қазақстан мен Вьетнам арасында қарым-қатынасты одан әрі дамыту қажет. Бұл орайда біздің ел 100 млн долларға жуық 35 тауар түрі бойынша Вьетнамға экспортты арттыруды көздеп отыр.

АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ – ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ «Біз жақын арада 100 миллион долларға жуық 35 тауар позициясы бойынша Вьетнамға экспортты арттыруға дайынбыз. Бұл металлургия, мұнай-химия, тамақ өнеркәсібі, химия өнеркәсібі және машина жасау сияқты салалардағы тауарлар. Қазақстан Вьетнам нарығына астық, бидай ұны, макарон және кондитер өнімдерін, ет және ет өнімдерін, сүт, жарма және басқа да жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлерін жеткізуге қызығушылық танытуда».

Осылайша, алдағы жылдары екіжақты тауар айналымын 1,5 миллиард долларға дейін ұлғайту мақсаты тұр. Сауда министрлігінің хабарлауынша, тараптар жақын арада мал шаруашылығы өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін, үй жануарларына арналған азықтарды, желатинді және т.б. экспортталатын ветеринариялық-санитариялық талаптар туралы ақпарат беруге келісті. Айта кетейік, Вьетнамға біздің елден экспортталатын тауардың басым бөлігін цинк, қорғасын,қара метталл түрлері құрайды. Ал Вьетнам біздің елдің нарығын телефон, телевизор, шаңсорғышпен қамтуда. Вьетнамда еңбек күші арзан. Бұл да инвесторлар үшін тартымды болып отыр. Бүгінде бұл ел электроника, аяқ киім мен тоқыма өндірісі бойынша алға шықты. Вьетнам жерінде американдық және еуропалық спорттық аяқ киім шығарушылардың өндрісін көруге болады. Себебі, ол елде еңбек күші Қытайға қарағанда арзан. Сапасы да көңілден шығып жатады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.