Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Венера" саяжайының тұрғындары баспана сұрайды

c 18:14, 25/09 c 55

0:00 / 0:00

Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккен "Венера" саяжайының тұрғындары баспана ала алмай жүр. Қазіргі таңда аталмыш саяжайда тұратын 70 шақты отбасы суға кеткен үйлерін паналауға мәжбүр.

Қазіргі таңда "Венера" саяжайында 70-ке жуық баспана бар. Тұрғындардың үйі көктемгі су тасқыны кезінде зардап шекті. Қызыл судың кеткеніне 2 ай ғана уақыт болыпты. Тұрғынжайлардың іші кеппей, қабырғасын көк басқан. Судың кесірінен үйде жылан-шаян мен өрмекшілер көп.

Тұрғындарды баспана мәселесі мазалайды. Оларға арнайы комиссия жаңа баспана беруден бас тартыпты. Бірінің үйін жөндеуге жатқызса, енді бірінің ауылдық жерде екінші баспанасы атында тұр. Десек те, көршілері жаңа үйге көшіп жатқанда саяжай тұрғындары ешкімді алаламай баспана беруін сұрайды.

Тұрғындардың өтініші мен арыз-талабын қала әкімдігіне жолдадық. Шаһар басшысының орынбасары Азамат Халелов мырза көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 10 500-ге жуық тұрғыннан өтініш келіп түскенін хабарлады.

Тасқыннан кейін өтініш жазуға 2 айдай уақыт берілді. Сол уақыт аралығында денсаулығына немесе өзге де жағдайға байланысты арыз бере алмаған жандар тиісті құжатын әкеліп, арыз жазуына болады. Ал ауылдық жерде ескі үйі қалған жандар да тиісті құжатын әкімдікке тапсыруы шарт.

Ал әкімдіктің жанынан құралған комиссия шешімімен келіспеген жандар сотқа шағымдана алады. Тасқынның салдарымен күресу үшін 60 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Қала әкімі орынбасарының сөзіне сенсек, қыруар қаржыны жомарт жандар мен қайырымдылық ұйымдары бөлген.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.