Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ВАКЦИНАСЫЗ ЖҰМЫСҚА КЕЛМЕҢІЗ!»

c 10:16, 07/09/2021 c 800

0:00 / 0:00

Коронавирусқа қарсы екпе жасатпағандар жұмыс орнына жіберілмейді. Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің осы қаулысы бүгіннен бастап күшіне енді. Екпе салдырғандар немесе апта сайын ПТР тест тапсырғандар мен медициналық тұрғыдан екпе жасатуға болмайтын анықтамасы барлар ғана жұмысқа кіре алады. Ал осының бірі жоқтарға жұмыс есігі жабық. Әзірге санитарлық дәрігердің екпесіз жұмысқа барып жүргендерді тексеретін алгоритімі жоқ. Дегенмен, қаулы талабын бұзған жұмыс берушіге айыппұл салынады.

Қауіпті індетті жеңудің бір жолы-вакцина дейді дәрігерлер. Ел үкіметі халықты жаппай вакцинациялауға кіріскелі екпе жасатуды міндеттеп тастаған. Себебі, қазақстандықтар екпеге сенбейді. Оған қоса әлеуметтік желіде тараған фейк ақпараттар тағы бар. Ағымдағы жылдың ақпан айында басталған екпе науқанында тиісті нәтижеге жете алмаған денсаулық сақтау министрлігі енді халықты мәжбүрлеуге кірісті. Бүгіннен бастап ковидке қарсы екпе салдырғандар немесе апта сайын ПТР тест тапсырғандар мен медициналық тұрғыдан екпе жасатуға болмайтын анықтамасы барлар ғана жұмысқа келе алады. Ал вакцина салдырмағандар жұмысқа кіргізілмейді.

Осылайша екпесі жоқтар онлайн режимге көшеді немесе еңбек демалысына жіберіледі. Әзірге екпесіз жұмысқа барғандарды тексеретін алгоритм жоқ. Дегенмен, бас санитардың қаулысын орындамаған жұмыс берушіге айыппұл салынады. Адамдар көп баратын халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктер, сән салондары, спорт кешендері, сауда орындары, театр, кинотеатрлар,  қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану орталықтарында не керек, барлық ұйымдар мен мекемелерде  қызмет ететіндерге екпе алуға тура келеді.  Алайда, қазақстандықтардың бәрі бірдей бас санитардың бұл қаулысын қолдап жатқан жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан халқының 60 пайызы екпе салдыруы тиіс деген жоспарды бекітіп қойған. Бүгінде елде екпенің екінші компонентін салдырғандар саны 5 млн адамнан асып жығылады. Әкімдіктер вацинациялау жұмысын жандандыру үшін,екпе салдырғандар арасында пәтер, көлік ойнатып, түрлі сыйлықтар ұсынып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.