19 қаңтар күні барлық проваславлықтар шоқыну мерекесін атап өтеді. Бұл діни мереке күні қалыптасқан дәстүр бойынша христиан дінін ұстанатын азаматтардың басым көпшілігі суға түседі. Дегенмен қаңтардың қақ ортасында Суға түсу үшін қауіпсіздік ережеерін де сақтаған жөн. Ондықтан Шоқыну мерекесі кезінде төтеншеліктер барлық бегіленген орындарды қатаң бақылауда ұстайды.
Биылғы жылы шаһар аумағы бойынша 14 орын арнайы белгіленіп, әрқайсысында медициналық қызметкерлер мен төтенше жағдай қызметінің мамандары кезекшілік етпек. Сала мамандары қысты күні суға түсу кезінде ащы суды ішуге тыйым салады. Сондай-ақ, ауа температурасының төмендеуіне байланысты тұрғын үйлердегі өрт оқиғаларының саны артқан. Жылыту маусымы басталғалы бері өңірімізде 130-дан астам тж тіркеліпті. Төтенше жағдай қызметінің мамандары барлық облыс тұрғындарына қыс мезгілінде қауіпсіздік шарасын естен шығармауды ескертеді.