Ұстаздар күні қарсаңында облысымыздың білім саласына елеулі үлес қосып жүрген ұстаздар қауымы марапатталды. Сондай-ақ, Ақжайық өңіріндегі 100 жаңа есімдер аталып, облыс әкімінің Алғыс хаты мен естелік сыйлықтары табыс етілді. Сонымен қатар, облысымыздың жыл ұстаздарына Ыбырай Алтынсарин атындағы төс белгі тағылса, облысымыздың намысын Республикалық деңгейде қорғап келген бір топ ұстаздар өңір басшысының арнайы дипломдарына ие болды. Өңіріміздің мақтанышы Үздік педагог-2018" республикалық байқауының жеңімпазы Әсел Ғалиасқароваға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Сағадиевтің атынан 2 млн ақшалай сыйлық табыс етілді.