Мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдық мерейтойына орай, мемлекеттік қызметкерлердің абыройы мен беделін арттыру мақсатында "Ең үздік мемлекеттік қызметкер" атты сайыс ұйымдастырылады. Республикалық дода екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде сайысқа қатысуға ниет білдірген қатысушылар тиісті құжаттарын жинақтап, тест тапсырып, арнайы берілген жағдаяттардан құрастырған тапсырманы орындаулары тиіс. Өңірлік деңгейден оқ бойы оза шапқан мемлекеттік қызметкер сайыстың республикалық кезеңіне жолдама алады. Сайысқа қатысушы үшін құжаттар он бесінші наурызға дейін қабылданады.