Оралда алғаш рет ұстаздар арасындағы математикалық регата республикалық деңгейде өтуде. Білім додасына еліміздің әр өңірінен 70ке тарта математика пәнінің мұғалімі келіпті. Білім додасында 17 команда, 68 қатысушы бақ сынасуда. Математикалық регатада үздіктердің үздігі атануға ниетті үміткерлер Ақтөбе, Маңғыстау Атырау сынды облыстардан және Ресейдің Самара облысынан арнайы ат терлетіп келіпті. Басты мақсат - педагогтердің кәсіби әлеуетін арттырып, тәжірибе алмасу. Әділқазылардың айтуынша, еліміз бойынша Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облысының математика пәнінің ұстаздарының мысы басым. Десе де, бүгінгі олимпиадада көрсеткіш өзгеруі де ғажап емес. Регата төрт кездеңді құрамақ. Үміткерлер математикалық анализ негіздерінен, геометриядан, логика мен комбинаторлық сандық тапсырмаларда бақтары мен баптарын сынайды. Олипмиада қорытындысы бойынша, қатысушыларға сертификаттар мен арнайы дипломдар табыс етілмек.