0:00 / 0:00
18 млн халқы бар Қазақстанда 42 млн SIM картасы тіркелген. Яғни бір адамға 30-40 SIM картадан келеді. Ұялы байланыс сапасы, қолданыстағы нөміріңізді тіркеу мәселесі бүгін өткен брифингте сөз болды. Журналистерді өткен аптада орын алған келеңсіздік мазалады. Еске сала кетейік, еш ескертусіз көптеген қазақстандық ұялы байланыссыз қалған болатын. Операторлар нөмір тіркелмегендіктен өшірілдік деп отыр. Алайда, оның арасында тіркелген нөмірлер де бар еді. Ол үшін байланыс операторлары сізге өтемақы төлей ме? Бұл сұрақ ашық күйінде қалды.
Жаппай ұялы байланыссыз қалған абонометтер өздерінің атында бірнеше нөмір тіркелгенін білді. Ұялы телефонды тіркеудің қажеттілігі неде, ол кімге керек? Бұл ереже көпшілік тарапынан сұрақ тудырғаны да мәлім. Мүмкін бұл тың тыңдау үшін қажет болар деген күдікті ойлар да болды. Себебі, тіркелген ұялы телефон арқылы іздеген адамды табу жеңіл. Құзырлы орган міндетті тіркеуден өту, лаңкестік әрекеттер мен экстремистердің қитұрқы жоспарларының алдын алу үшін қажет деп түсіндіреді. Өйткені, қылмыскерлер ізін суыту үшін бірнеше сим картаны қолданады. Сондай-ақ, тіркеуден өтудің бір қажеті- ұялы телефон ұрлау азаяды және контрабандалық жолмен телефон әкелу тоқтайды.
Виталий Ярощенко – ҚР телекоммуникация комитетінің төрағасы; «Біз ұялы операторлардың абоненттерінің мәліметтер базасына статистика жүргізіп көрдік. Қазақстанда 18 миллион адам ғана тұрғанымен, осы уақытқа дейін 42 млн сим-карта сатылып алынған. Тиісінше, статистикаға сүйенсек, әрбір қазақстандықта 2-3 SIM-картадан бар деп есептей беріңіз. Бірақ, бұл орташа есеп. Шындығында, бір адамның атында 30-40 мың симкадан бар»
Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн қазақсандықтар ұялы байланыс қызметісіз қалды. Бірден 250 мың адам ұялы байланысынан үзілді. Телекоммункиациялар комитеті бұл келеңсіздікті телефон нөмірлерінің дер кезінде тіркелмеуімен байланыстырды. Себебі, құзырлы орган жыл бойы нөмірді тіркеуге ескерту жасап келдік дейді. Операторлар телефоныңызға қызмет көрсету кезінде мәліметтер базасындағы ақпаратты телефоныңыздағы мәліметпен салыстырады. Сәйкессіздік анықталса, оператор мұндай құрылғыға қызмет көрсетуді тоқтатады. Ал бұл жолы нөмірі тіркелген абономенттер де байланыссыз қалған еді. Негізсіз өшірілген нөмір иелеріне өтемақы төлене ме деген сұрақ туындайды.
Асқар Есіркегенов – ұялы оператор департаментінің директоры; «Мен тіркелдім деп жүре беру дұрыс емес. Ол жерде жеке куәлік, ІМЕІ-кодтардың мәліметтері болуы керек. Егер проблема туындап жатса, бірден сол операторға шағымыңызды жолдайсыз. Біз оны қарап, тиісті шешім қабылдаймыз. Ал өтемақы төлеу, төлемеу мәселесі де орын алған жағдайға байланысты болады»
Сондай-ақ, операторлар сіздің жоғалған нөміріңізді басқа адам қолданып, атыңыздан несие рәсімдеуі де мүмкін дейді. Сондықтан мұндай келеңсіздікке тап болмау үшін, телефон нөмірін тіркеп алғаныңыз жөн деген кеңес айтады.