Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұялы байланыс операторларына салынатын салықты арзандату ұсынылды

c 11:48, 28/10/2019 c 355

Жалпы, әлемде белгілі бір субсидиялар, кейбір жағдайларда салық жеңілдіктері қарастырылады.

Сурет : techgoondu.com

Ұялы байланыс операторлары үшін радиожиілікке салынатын салық төлемдерін төмендету туралы ұсыныс жасалды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға арналған үкімет сағатында Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бүгін республикалық бюджеттік комиссия да, Экономика министрлігі де, Қаржы министрлігі де ұялы байланыс операторлары төлейтін радио жиіліктер салығының төлем көлемін азайту туралы ұсынысты қолдады", - деді ол.

Оның айтуынша, жақын арада бұған қатысты заңнамаға өзгерістер енгізіліп, ол Парламенттің қарауына ұсынылады.

- Жалпы, әлемде белгілі бір субсидиялар, кейбір жағдайларда салық жеңілдіктері қарастырылады. Бұл жағдайда біз салық жеңілдіктерін таңдадық, - деп түсіндірді Жұмағалиев.

Сілтеме көзі

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.