Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА «ҚАДЫР ОҚУЛАРЫ» ӨТЕДІ

c 16:23, 22/07 c 29

0:00 / 0:00

Қадыр Мырза Әлі ұлы Абайдан кейін ең көп оқылатын әдеби тұлға ретінде поэзия сүйер қауымның жадында. Шығармаларын еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін сүйсініп оқиды. Әсіресе, мектеп оқушыларына қаңтарда туған ақынның поэзиялық туындылары жақсы таныс. Дәстүрлі өтетін «Қадыр оқуларының» биыл ауқымы кеңеймек. Алғаш рет жалпы білім беретін мектептердің оқушыларынан бөлек мұғалімдердің арасында да «үздіктер» анықталмақ.

СЕРІК ТОҚМАМБЕТОВ

ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛІ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Ал облыстық кезең жеңімпазы республикалық деңгейде өңір намысын қорғайды. Байқау қатысушыларының жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды. Алайда сахна мәдениетін сақтау, киім кию үлгісі, жатқа білетін өлеңдер саны, оны нақышына келтіре оқу, тіл тазалығы, сөздердің дыбысталу заңдылығын бұзбау талап етіледі.

СЕРІК ТОҚМАМБЕТОВ

ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛІ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Келер жылы Қадыр ақынның туғанына 90 жыл толады. Мерейлі датаға орай кең ауқымды іс-шаралар жоспарланған. «Қадыр оқулары» байқауы - «Қадыр-қазына» жобасы аясында өткізіліп келеді. Соның ішінде ұстаздар арасында Қадыр шығармашылығын насихаттау дәстүрге айналмақ. Өйткені Қадырдың елі оның өлеңімен сусындап, артында қалған өшпес мұраны өскелең ұрпаққа жеткізуі тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.