0:00 / 0:00
Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәжіліс депутаттарына "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын таныстырды. Парламент қоржынына келіп түскен заң жобасы 19 баптан тұрады. Білім министрі бұл құжат мұғалімдердің өмірін жеңілдетеді деп сендіреді. Ең бастысы ұстаздардың жалақысы екі есеге өседі. Алайда, заң жобасында мұғалімдер 55-58 жаста зейнетке шықса деген ұсыныс көрініс таппады.
Қоғам назарындағы ұстаздардың мәртебесін айқындайтын бұл заң жобасынан үміт көп. Мәжілістің қарауына келіп түскен «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасы ұстаздар қауымы үшін асыға күтіп отырған құжат. Заң қабылданса, мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіру, магистрлер үшін қосымша ақы, артық жұмысқа тартқандарға айыппұл салу, еңбек демалысын ұзарту мәселелері жүзеге асады. Еліміздің бас мұғалімі 2024 жылға дейін білім беру саласында істейтін 500 мың мұғалімнің жалақысы екі есеге өседі деп отыр.
Бүгінде қазақстандық педагогтардың жалақысы еліміз бойынша орташа жалақы деңгейінен төмен, небәрі 110 мың теңгені құрайды. Ал дипломмен ұстаздық етуге келген жас мамандардың айлығы 70 мың теңге. Заң жобасына сәйкес, мұғалім сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша екі есеге өскен ақы алады. Педагогикалық шеберлік үшін де үстеме төленеді. Ұстаздардың еңбек демалысын 56 күнге ұзарту мәселесі талқылау үстінде. Айта кету керек, мұғалімдердің зейнеткерлік жасын 55-58 жас деп белгілеу ұсынысы енгізілген болатын. Алайда, ұстаздардың 70 пайызы күтіп отырған бұл ұсыныс жобаға енбей қалды. Министр Аймағамбетовтің айтуынша, ұстаздардың зейнет жасын төмендететін болса, басқа саланың мамандары да осыны талап етеді. Сол себепті әзірше бұл мәселе тек талқылау сипатында қалып отыр. Депутаттар болса, аймақтарда осы мәселенің шешуін күтіп отыр дейді.
Ал ұстаздарды көше жинау сиқяты артық жұмысқа тарту мәселесі қатаң бақылауға алынады. Ұстазды артық жұмысқа жеккендерге 50 мыңнан 300 мыңға дейін айыппұл салынады. Заң жобасында мұғалімдердің балаларына балабақшадан бірінші кезекте орын беру нормасы қарастырылған. Бұл құжатқа ұстаздарға жеңілдікпен ипотекалық несие беру мәселесі енбей қалды. Айтып-айтпа не керек, педагогтар күткен заң жобасының артықшылығы мен кемшілігі де бар. Назарсыз қалған мәселелерді заң жобасын майшаммен қарайтын депутаттар аңғарар деп үміттенеміз.
"Times New Roman" Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мәліметіне сүйенсек, 2019 жылғы қыркүйек айының орта кезіндегі жағдай бойынша Мемлекет басшысы 5 заңға қол қойып, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени салаларда 40 өкім шығарды. 100 күн ішінде Президент 102 жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев 140-тан астам іскерлік кездесулер мен кеңестер өткізген.