Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Үсік шалудан сақ болыңыздар!»

c 19:53, 08/01/2015 c 990

0:00 / 0:00

Дәрігерлер осылай деп дабыл қағып, барша жұртқа ескерту жасап жатыр. Ауа температурасының күрт төмендеуінен Орал қаласында ауруханаға түсіп, ем қабылдап жатырғандар қазірдің өзінде бар екен. Олар көбінесе мекен-тұрағы жоқ кезбелелер деген ақ халаттылар сары шұнақ аязда далада қалып, үсіп кетуден сақ болу үшін алыс сапарға шығу жоспарын кейінге қалдырған жөн деп кеңес беріп отыр.
Адамның дене мүшелерінен әсіресе аяқ-қолдары мен бет, құлақтарын үсік шалу көрсеткіші жоғары болады. Үсік шалудан қорғану үшін тар киім кимей, жылы жүру керек. Ақ халатылар қысқы уақытта күніне далада қалып, немесе байқамай үсіп кеткен 5 -6 адамға дейін келіп түсетін кездер болатынын айтады. Алайда ағымдағы жылы ондай оқиға жиі белең алып отырған жоқ. Әр адам қазіргідей ауа райында қауіпсіздікті сақтаса, зардап шегудің алдын алу қиын болмас еді,-дейді мамандар.
Үсік шалудың басты белгісі аяқ-қолдың ауырсынып, сырқырауы, жансыздануы. Ауа райының қазіргідей 25 градусқа дейін төмендетіп, аяздатуы дәрігерлерді алаңдатып ақ отыр. Қазірдің өзінде ауруханаға үсік шалғандар түсіп үлгеріпті.
Қыстың қаһарлы ыхғары әлі аплда. Сондықтан әр адам өз қауіпсіздігін сақтап, жылы киінпі жүргендері жөн болар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.