0:00 / 0:00
«Халықаралық қауіпсіздік аудиті «Бек Эйр» компаниясы жариялағандай қымбат емес». Бұл мәлімдемені жергілікті авиакомпаниялардың өкілі Даулет Хамзин айтты. Ол аудиттен өту қажеттілігі туралы түсінік берді. Еске салсақ, «Бек Эйр» IOSA сертификатынсыз ішкі рейстерді жүзеге асырған еліміздегі жалғыз авиакомпания. 2019 жылдың 27 желтоқсанында осы компанияның ұшағы Алматы әуежайында құлап, нәтижесінде 12 адам қаза тапты.
Канадада орналасқан Халықаралық Әуе Көлік Қауымдастығы әуе қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қауымдастықтың IOSA деп аталатын жеке авиакомпания аудиті бар. Оған ақша қажет - шамамен 60 мың доллар. Айтпақшы, Бек Эйр - бұл тексеруден бас тартқан жалғыз жергілікті авиакомпания. Осыдан бірнеше жыл бұрын авиакомпанияның басшылығы аудит тым қымбат, 1,5 миллион доллар тұрады және бұл тексерудің қажеті шамалы, деген болатын. Кейінірек бұл ақпаратты халықаралық компания жоққа шығарды, бұл сома шындығында 25 есе аз болып шықты. Мұны басқа жергілікті компаниялар да растады. Мұның сыртында, авиация мамандарының пікірінше, ұшақтың 20 жастан асқаны, қауіпті емес. Ұшақтың жасы «отыздан» асқан кезде ғана алаңдау керек. 30 жастан асқан ескі ұшақтар пайдалану үшін қымбатқа түседі, өйткені бөлшектерді және жөндеу жүйелерін жиі ауыстырып отыру қажет. Егер біз кейбір елдердегідей 20 жастан асқан ұшақтарға тыйым салсақ, авиакомпаниялардың жартысын жабуға тура келеді. Авиация мамандарының пікірінше, ұшақтың жасы мен апат саны арасында нақты байланыс жоқ. Ең бастысы - ұшақтың жасы емес, авиакомпанияның қаржылық жағдайы, дейді мамандар.
Дәулет Хамзин әуеакомпания өкілі; «Қауіпсіздік ұшақтың жылына байланысты емес. Кей елдерде тіпті 40-50 жылдық ұшақтар бар. Ец елдер шектеу қояды. Бұл әр елдің өз саясаты. Менің ойымша ұшақ дер кезінде тексеруден өтуі маңыздырақ. Еікншіден, қауіпсіздік талаптарына сәйкес, жергілікті компания ішіндегі қайта құру жұмыстары қымбат болуы мүмкін. Ал аудиттің өзі айтарлықтай қымбат емес. Тексерік 1-2 ай өтеді. Әуекомпаниялары үшін «Бекэйр» айтқандай, шығын үлкен емес».