Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұшқыш дипломын ала алмай жүр

c 09:24, 26/04/2021 c 485

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстанның тұрғыны Райымбек Жұмағалиев  ұшқыш болу арманына жете алмай жүр. Азаматтық Авиация академиясында оқып жүрген Райымбек  4 жылға жуықтады әлі күнге дейін оқуын аяқтай алмай, дипломсыз отыр. Әкесі Қылыш Ғабдуалиевтің айтуынша,  2017 жылдың жазында курсант Райымбек Жұмағалиев ұшқыш-инструктордың нұсқауымен ұшақты өзі басқарады. Ұшақтың моторында ақау орын алып, оны жерге қондырғанда әуе көлігінің қанатына зақым келеді. Бұл оқиғадан соң, академия курсант Райымбекке ұшуға тиым салады. Соның салдарынан ол ұшқыш дипломысыз қалуы мүмкін. Біздің редакцияға хабарласқан әкесі Қылыш Ғабдуалиев әділдік іздеп бармаған жерім, баспаған тауым қалмады дейді.

2017 жылдың жазында оқу-жаттығу барысында  Азаматтық авиация академиясына тиесілі әуе көлігін өз бетінше басқарған Райымбек Жұмағалиев , моторында ақауы бар ұшақты  3 мың мерт биіктіктен қондыруға мәжбүр болды. Бірақ  ұшақтың қанатына зақым келеді. Бұл жағдай ұшқыш болуды армандап жүрген Райымбектің өмірін күр өзгертті. Айта кету керек, ол кезде Райымбектің ұшқыш- инструкторы Сергей Курченко оған ұшақты басқаруға рұқсат берген дейді әкесі Қылыш. Осы  оқиғадан кейін  оқу -ұшу кезінде ұшқыш Курченко  Алматы маңында қасындағы курсантпен әуе апатына  ұшырап,  көз жұмғанды.  Райымбектің жағдайын оралсақ, Авиация апаттарын тексеру басқармасының бастығы Кетебаев әуе кемесіне зақым келтіргені үшін курсанттан шығынды  өтейсің деп талап еткен. Алайда, прокуратураның тексерістерінен кейін, Райымбектің кінәсі жоқтығы анықталып, аивациялық академияда оқуын жалғастыруға рұқсат берілген. Тіпті Индустрия министрлігі басшылығы тарыпанан да осындай рұқсат хаттары болған. Бірақ Азаматтық авиация академиясы Райымбек Жұмағалиевке  оқуын тәмамдауға мұрша бермей отыр дейді  әкесі.

Ендігі  3 жыл  10 ай курсант Райымбек  еш негізсіз оқу ұшу програмасынан шеттетіліп отыр.  Баласының тағжырына алаңдаған Қылыш аға бүкіл министрліктің табалдырығын тоздырдым дейді. Амалы таусылған әке енді ел Президентінен көмек сұрайды.

Ал Индустрия министрлігіне қарасты Авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы бұл мәселе курсант пен оқу орны арасында шешілуі керек дейді.

Дархан Оспанов – ҚР ИИДМ авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасының бас сарапшысы «Студент Жұмағалиевтің мәселесіне қатысты министрлік бірнеше рет айтқан болатын. Бұл мәселе студент пен авиациялық академия арасында шешілуі тиіс. Пандемия барысында зақым келген ұшаққа қатысты тергеу ісі тоқтатылды. Себебі ұшақтың қозғалтқышын зерттеу жұмысы тоқтап қалды».

Қазір курсант Райымбек азаматтық авиациялық академияда оқуын жалғастырып жүріп. Бірақ ұшқыш болу арманына жетуі үшін оған ұшуға рұқсат жоқ. Министрлік, прокуратура тарапынан рұқсат берілсе де, оқу орнының басшылығы курсантқа күнде ертең деген сылтаумен, мәселені 4 жылға созып жіберді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.