Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үшем үйге шықты

c 15:56, 06/05/2019 c 982

0:00 / 0:00

Орал қаласында өмірге келген үшем үйлеріне шықты. Қаратөбе ауданының тумасы саналатын отағасы Қанат Ғұпранов өте бақытты екенін де айтады. Сәбилер 3 сәуірде өмірге келгенімен салмақ жинап, толықтай дәрігерлер тексеруінде болу үшін айға жуық перзентханада болыпты. Нарын көшесі 5-ші үй, сыңғырлаған сәби мен шаттықа толы бақытты мекен десе де болады. Өйткені,  бұл шаңырақта бірден үшем өмірге келіп, 7 баланың құтты үйіне айналды. Көзайым, Жанайым, Бегайым бұл үшемнің азан шақырып  қойған есімдері.  Анасы мен балалары өз үйлеріне келіп, көңілдері шаттануда. Отағасы Қанат Ғұпранов Қазақстан жоғары медициналық колледжінің оқытушысы болса, отанасы Дина отбасылық үлгідегі балалар ауылының әдіскері. Отбасында бұдан бұрын да төрт баласы (үш қыз, бір ұлы) бар екен.  Айта кетейік, бұл - өңірде 2016 жылдан бері өмірге келген бірінші үшем. Жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталықта 30-дан астам егіз бала көрінсе, жалпы облыс бойынша биылғы төрт айда 3 мыңнан астам бала жарық дүниенің есігін ашты

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.