Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұшақ апатының себебі

c 19:47, 10/01/2020 c 1213

0:00 / 0:00

27 желтоқсанда Алматы түбінде орын алған ұшақ апатының негізгі себебі мәлім болды. Бүгін елордада баспасөз маслихатын өткізген Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі себебін атады. Оның айтуынша, ұшақ апатына әуе кемесінде мұз қатуы себеп болған. Сондай-ақ, ол Bek Air ұшағының қанаттары ажыратуға қарсы сұйықтықпен өңделмеген. Еске сала кетейік, Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшуға бет алған Bek Air ұшағы биіктікті жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлағанды. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болды. 12 адам қаза тапты. Ұшақ командирі де апат орнында көз жұмды.

Өткен жылдың 27 желтоқсанда Алматы түбінде Bek Air ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза болғанды. Әуе кемесінде 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанды. Енді сол ұшақ апатының орын алу себебі мәлім болды. Арнай ықұрылған үкіметтік комиссияны басқарған премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, Фокер ұшағы мұз қатуы себебінен құлаған. Себебі ұшақтың қанаттары ажыратуға қарсы сұйықтықпен өңделмеген.

Роман Скляр – ҚР үкімет басшысының орынбасары; «Апаттың негізгі себебі – әуе кемесінің үстіне мұз қатып қалған. Ұшақтың суық ауа райы кезінде қолданылатын арнайы сұйықтықпен өңделмегені анықталды. Әуе кемесі командирінің шешімі бойынша, тек стабилизаторды өңдеу туралы шешім қабылданған.7.20.53 секундта әуе кемесі оң жаққа қарай қисайған. Ұшақ командирі «бұл не» деп сұрайды. 7,20,54 секундта  екінші ұшқыш «не екенін білмеймін», сатибилизатор, тоқтатайық» дейді.   7.20.57 сек 1 бірінші ұшқыш «керек емес» дейді. Сол кезде екінші ұшқыш жылдамдықты азайтады. Кеме командирі «не істеп жатсың» дейді де, ол ұшу режимін қосады да, «»кеттік пе, кеттік», - дейді».

Роман Склярдың айтуныша,  апатқа ұшыраған ұшақ әуе жайда бір тәулік тұрған. Еске сала кетейік, Фокер ұшағы жерге құлаған соң сырғанап барып әуежай аумағына жақын тұстағы ауыл шетіндегі екі қабатты үйге соғылған болатын. Ұшақ соғылған әуежай маңындағы құрылыс нысанына қатысты тексерулер барысында заңсыздықтар анықталды.

Осыған орай, Алматы қаласының Талғар ауданында заңсыз жер берген лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Роман Скляр – ҚР үкімет басшысының орынбасары; «Анықталғанындай, 2015-2019 жылдар аралығында Талғар ауданының лауазымды тұлғалары қызметін асыра пайдаланып, әуежайдың санитарлық қорғау аумағынан тұрғын үй құрылысын салуға заңсыз жер беріп келген. Санитарлық талаптар бойныша әуежай маңында үй салуға болмайды».

Ал бұған дейін  ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев Bek Air ұшағының  апатына  экипаждың қателігі,  техникалық ақаулар және навигация қызметінің жұмысы себеп болуы мүмкін деген болжам айтқан боалтын. Арнайы комиссияның жұмысы нәтижесінде, ауа-райы қолайсыздығы орын алмаған,сондай-ақ  экипаж және техникалық жағдай тарапынан ескертулер табылған жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.