Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үш көшеге дизайн-код жасайды

c 17:49, 08/07/2021 c 673

Орал қаласы аумағы жыл санап артып келеді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары шаһардың батысы мен солтүстік-батысында қарқын алған. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатырған аудандарда қандай архитектуралық талаптар сақталуда? Облыс орталығында орналасқан тарихи ғимараттарды сақтап, күту үшін бизнес субъектілеріне қандай талап қойылған?

Еуропаның қақпасы саналған Орал шаһарының бүгінде батыс пен солтүстік-батыс бөлігінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қаланың солтүстік -батыс бөлігінде жоспарланған барлық дерлік үйдің құрылысы аяқталып, мектептер пайдалануға берілді. Және биыл "Жұлдыз" ықшам ауданын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы аяқталды. Оның аумағы 135 гектарды құрамақ. Сала мамандары Ескі әуежай мен Жұлдыз ауданында саябақ салынады,-дейді. Орал қаласының қарқынды құрылысы жаңа "Ақжайық" ауданында жүзеге аспақ. Жаңа ауданның 425 гектар жері алдағы бес жылда игерілуі тиіс.

"Қаланың орталығында ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізілмейді",- дейді мамандар. Тек ғимараттардың қас бетін қайта жөндеу мәселесі қарастырылуы мүмкін. Өткен жылы Назарбаев даңғылында арнайы дизайн-код қабылданған еді. Ғимараттардың қасбетіндегі өзгерістердің баршасына архитекторлармен ақылдасып, рұқсат алыну шарт. Биыл 13 кәсіпкер мамандардың кеңесіне жүгінген.

2014 жылы Оралдың бас жоспары құрылды. Сол жоспарға сәйкес жүк көліктері үшін айналма жолдың жобасы жасақталуда.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.