Он тоғызыншы наурыз күні түнгі 1-лер шамасында Кердері көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің шатырында өрт шығады. Салдарынан 1934 жылы туған А. есімді азаматша улы газдан уланып қалады. Сала мамандарының сөзінше, жапа шеккен азаматша дереу ауруханаға жеткізіліпті. Сондай-ақ, 17 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін 20 техника мен 52 жеке құрам жұмылдырыпты. Қазіргі таңда, өрттің шығу салдары мен кінәлі тұлғалар анықталуда. Сала мамандары өрт қауіпсіздігін назардан тыс қалдырмауды сұрайды.