0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында екі күн ішінде үш жасөспірім суда көз жұмды. Атап айтқанда, 10 шілде күні сағат Жалпақтал ауылы маңайында орналасқан Қараөзен өзенінде адамдар суға кетіп қалған . Бұдан бөлек 11 шілде Орал қаласы Жайық өзені Елизаров көшесі бойында 2 бала суға батып кеткен. Олар - 2006 жылғы ұл бала мен 2008 жылы туған қыз бала. Төтеншеліктердің мәліметінше, 2019 жылдың суға шомылу маусымы басталған уақыттан бері 24 адам суға батып кеткен, соның жетеуі бала. Өткен 10 жылдың ішінде 270-тен астам адам суға кетсе, соның 70-тен астам балалар.