0:00 / 0:00
Халықтың әл аухатын жақсартуда алдыңығы кезекте тұрғын үй мәселесі тұрғаны аян. Осы орайда «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы баспаналар мен қатар үй тұрғызу үшін жер телімін беру шаралары да қолға алынып келеді. Мәселен биыл облыстың бірнеше аудандарынан жер кезегінде тұрғандар үшін жылжымайтын мүлік беріледі деп жоспарланып отыр. Атап айтсақ Бөрлі ауданынан 1025, Бәйтерек ауданынан 239 теректі ауданынан 801 жер телімі тұрғындарға берілетін болады. Жер телімене кезекте тұрғандардың 70 пайызы облыс орталығының тұрғындары көрінеді. Қала маңындағы Круглоозёрное елді мекеніне коммуналдық желілер тартыла бастады. Жұмыс аяқталысымен 1140 адам үй құрылысы жұмыстарына кірісетін болады. Тиісті мақсатта қолданылмай, кейін мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді де жалға беру үрдісі жалғаспақ.