Ұсақ және шағын бизнес субъектілерінм 3 жыл бойына табыс салығын төлеуден босату - 12 миллиардтан астам теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері. Сонымен қатар, сала мамандары 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тексерістерге мораторий енгізілгенін, ол үш жылға созылатындығын еске салды. Бизнеске қатысты тағы бір аса маңызды, әрі жағымды жаңалық. Атап айтқанда, жұмыс берушінің жұмысшыға қосымша 5 пайыз зейнетақы аудару міндеттемесі 3 жылға кейінге шегерілді. Яғни, 2023 жылға дейін. Мұның барлығы - еліміздегі бизнесті барынша қолдау және одан әрі дамыту үшін жасалып жатқан шаралар.
Бастама әкімшілік ауыртпалықты азайтып, бәсекелестіктің дамуына мол ықпал жасамақ.