0:00 / 0:00
Талдауларға сүйенер болсақ, 10 айда өңірде орын алған қылмыстардың 57 пайызын бөтеннің мүлкін иемдену дерегі құрап отыр. Осы орайда облыс территорясында 115 факті көлік ұрлығына қатысты тіркелсе, оның 103-і ашылып кінәлі тұлғалар заң шеңберінде жазаланған. Брифингте тәртіп сақшылары алаяқтық деректердің де белең алып отырғанын мәлімдеді. Мәселен көп жағдайда интернет желілері арқылы сауда жасаудың соңы алдануға әкеп соғып отыр. Сондай-ақ, пәтерді жалға алу, сату сынды шараларда да алданып қалғандар көп екен. Мәселен, 643 алаятық дерек тіркелсе, оның 193-і интернет желілері арқылы алдану фактісі көрінеді.
Сонымен қатар полицейлер осыдан бір айға жуық уақыттан бері іздестіріліп жатқан Айгерім Ұзақова туралы тың деректердің тіркелгенін мәлімдеді. Аталған 27 жасар әйелді іздестіру шаралары әлі де жалғасын табатын болады.