Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰОС-ның ардагері Ванифантия Чебаковтың пәтерінің төбесінен көктем мен күзде су тамшылап мазасын алады

c 00:00, 17/03/2015 c 692

0:00 / 0:00

Бұл осылайша 10 жылдан бері жалғасып келеді. Алғашқысында "Кристал" ПИК-не шағымданып, төбедегі тесікті жамауды сұрауға барғанында еш нәтиже шықпаған. Ардагердің өтінішімен ТҮКШ мен депуттар арнайы комиссия алқасын құрып, кейіпкеріміздің мәселесін шешуге белбуыпты. Алдын ала келісім бойынша халық қалаулылары қарияның пәтерінің ішіне жөндеу жұмыстарын жасаса, "Кристал" ПИК-нің басшылығы төбені толықтай жөндеуге уәде берген -ді. Депутаттар өз сөздеріне тұрып, алғы шартты толықтай орындағанымен, ПИК-і әлі күнге дейін өз уәделерін орындамай келеді. Ал "Кристал" ПИК-і басшылығының айтуынша сорғалап тұрған су төбеден ағып жатқан жоқ, үйдің булығы істен шыққан, салдарынна ауа ауыспайды. Жалпы аталмыш мәселе Ақ жол ҚДП-ның жіті назарында көрінеді. Себебі ҰОС-ның ардагері ВАНИФАНТИЙ ЧЕБАКОВ партия басшылығына хабарласып, көмек сұраған. Әйтеуір бүгінгі даудан кейін екі тарапта ортақ шешімге келді. Нақтырақ айтқанда "Кристал" ПИК-ві булықты тазартып, ардагердің пәтерінің ішінде жеңіл желпі жөндеу жұмыстарын жасап беруге келіссе, Ақ жол партиясы қария тұратын үйдің есіктері мен терезелерін ауыстырып беруге уәде берді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.