0:00 / 0:00
Жеңістің 77 жылдық мерейтойына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілмек. Жалпы Жеңіс күніне орай 4 мыңға жуық адам осы материалдық көмекті алады. Бұл үшін облыстық бюджеттен 138 млн. теңгедей қаржы бөлінді. Еліміз бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқан тыл ардагерлері мен соғыстың кесірінен мүгедек болып қалған жандарға бірдей өтемақы төленеді. Бұл 2019 жылы вице-премьер Әлихан Смылайовтың бұйрығы негізінде жүзеге асуда. 2020 жылы өтемақы мөлшері бекітілді. Төлемдердің барлығы сәуір айының 2-ші онкүндігінен бастап жүргізілетін болады.