Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰОС ардагерлерін жедел жәрдем қызметі, ТЖД мен ІІД бақылауда ұстайтын болады

c 00:00, 02/03/2015 c 701

0:00 / 0:00

Бүгін Орал қаласында соғысқа қатысқан қарияларға дабыл тетігі бар байланыс құрылғысы берілді. Бұдан былай ардагерлер бір тетікті басу арқылы денсаулығы сыр берсе дәрігерлерді, қандай бір жағдай орын алса, төтеншеліктер мен тәртіп сақшыларын шақырта алады. Осындай телефондар БҚО-да 263 ардагерге беріледі деп жоспарланып отыр. Байланыс құрылғысының кәдуілгі ұялы телефонан ерекшелегі- дабыл тетігін басқан мезетте қоңырау түскен мекемеде ардагер туралы барлық ақпарат шығып тұрады. Яғни, оның мекен-жайы, жасы, тіпті медициналық картасының тарихы. Сондықтан лезде құрылған көмек тобына тек шақырылған мекен-жайға аттану ғана қалады. "Өмір жолы" әлеуметтік жобасының аясында байланыс құрылғылары БҚО-да 263 ҰОС ардагеріне тегін берілгелі отыр. Ал, Қазақстан бойынша аталмыш телефондар жеңісті жақындатуға үлесін қосқан 5000 қарияға табысталмақ екен. Бүгін шұғыл қоңырау құрылығысы табысталған жандардың бірі ҰОС-ның ардагері Бисен Жұмағалиев болды. Ол 1942 жылы қаңтарда майданға аттанып, 13-дивизия құрамында соғысып, Ленинградты азат етуге қатысқан. Кейін Ленинград әскери - саяси училищесінде оқып, қазақ тілінде шығатын «Отанды қорғауға» атты майдандық газетте қызмет істеген Бисен Жұмағалиев көптеген кітаптардың авторы. "Егер ардагерлер құрылғының дабыл тетігін байқамай басып жіберсе, ол үшін алаңдаудың қажеті жоқ",- дейді мамандар. Себебі сол мезетте бақылау жұмысын атқарушы қызметкерлер ардагерге көмектің қаншалықты қажеттілігін лезде анықтайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.