Ұлы Отан соғысының ардагері Данилин Семен Акимович 104 жасында дүниеден озды. Семен Данилин сұм соғыс кезінде Отан үшін арпалысып, кеудесін оққа тосып, жерімізді жау қолына бермеу үшін мыңмен алысты. Талай қиындықты еңсерген батыр соғыстан кейінгі жылдары әскери қызметте табанды еңбек етіп, зейнетке шыққаннан соң, жас сарбаздарды Отансүйгіштікке тәрбиелеуге ат салысты. Ұлы Отан Соғысының ардагері, батыр Данилин Семен Акимовичтың ерлігі- бүгінгі ұрпаққа үлгі. ТДК-42 телеарнасының ұжымы батырдың қара жамылған жанұясына қайғырып көңіл айтады. Ұлы Отан Соғысы ардагерінің жерлеу рәсімі 23-ші қарашада өтпек.