0:00 / 0:00
12-ші маусым күні Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да әскери кафедра студенттерінің ант қабылдау рәсімі өтті. Ант қабылдау рәсіміне университет басшылығы, әскери кафедра профессор-оқытушылар құрамы, курсанттардың ата-аналары мен Қарулы Күштер ардагерлері қатысты.Шара барысында курсанттар саптық амалдар мен шерудегі салтанатты саптық жүрісті көрсетті.Университ ректоры мен әкімшілік құрамы әр уақытта Әскери кафедраға тікелей қолдау көрсетіп, жас сарбаздарға барынша жағдай жасап, олардың ұлт патриоты болып қалыптасуына бағыт-бағдар нұсқап келеді. Салтанатты шараға қатысқан оқу орнының профессорлық құрамы жас сарбаздарға сәттілік тіледі.«Қазіргі уақытта Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Әскери кафедрасында 200-дің үстінде студент тәлім алуда. Олар жан-жақты шыңдалып, қосымша әскери даярлықтан өтеді. Сенбі күнгі айтулы шарада 90 курсант Әскери ант қабылдады. Сарбаздардың 90 пайызы мемлекеттік грант есебінен әскери білім алып шығады. Сондай-ақ, курсанттар атынан үздік студенттер және олардың ата-аналары оқу орны басшылығы мен әскери кафедра қызметкерлеріне алғысын білдіре отырып, жылы лебіздерін жеткізді.