Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үнемшіл үкімет

c 19:30, 18/02/2020 c 535

0:00 / 0:00

Премьер-министр Асқар Мамин министрлер мен әкімдерді үнемшіл болуға шақырды. Үкімет негізсіз шығындарды қысқарту барысында 129 млрд теңгеге жуық қаражатты үнемдемек. Бүгін өткен үкіметтің селекторлық отырысында Президенттің мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы негізсіз шығындарды қысқарту туралы тапсырмасы талқыланды.

Ел үкіметі еш пайдасы жоқ, негізсіз шығындарды қысқарту арқылы, бақандай 129 млрд теңгені үнемдейді. Аса қажеттіліг жоқ шығындар дегеніміз, сансыз семинарлар, форумдар, еш нәтижесі жоқ іс сапарлар. Өздеріңізге мәлім, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы негізсіз шығындарды қысқартуды үкіметке жіті тапсырғанды. Енді қаржы министрі соны майшаммен қарап шығыпты.

Смайыловтың баяндауынша, атойлап өткізіп жататынсеминарлар мен конференцияларды тоқтатып, мемлекеттік органдарға қымбат автокөлік пен жиһаздар сатып алмасақ  4,2 миллиард теңгені, іссапарлар,  талдамалық зерттеулер бойынша 15,7 миллиард теңгені, тағы басқа  негізсіз шығындарды қысқартсақ 29,7 миллиард теңгені үнемдеуге болады. Енді  қазына қаржысын жұмсауда ашкөзденіп кететін шенеуніктерге тәбетін тыюға тура келеді. Үкімет басшысы әкімдерге негізсіз шығыстарды қысқартуды жіті тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.