Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үнемдейміз деп шығынға батты!

c 00:00, 03/03/2015 c 779

0:00 / 0:00

Нақтырақ айтсақ Гагарин көшесінде орналасқан 41/1-ші үйде тұратын тұрғындардың баспанасына "Жайық жылу қуат" АҚ ортақ жылу есептегіш қондырғыны орнатып, қызметтері үшін бір шаршы метрге 106 теңге төлеп тұрасыздар деп келіскен. Бірақта екі ай бұрын бұл тариф негісіз 118 теңгеге өскені әшкерленіп, тұрғындар наразылық тудыруда. Негізінен көптеген қала тұрғындары өз тұрғын үйлеріне жылу есептегіш құралдарын орнатуға қарсы шыққан болатын. Дәл солай,Гагарин көшесіндегі нөмірі 41/1-ші үйдің тұрғындарының айтуынша олар қарсылық білдіргенімен, комуналдықтар олардың рұқсатынсыз есептік құралдарын орнатып,1 шаршы метрге 106 теңге тарифін белгілеген. Уақыт өтегеле олар белгіленген тарифтің кенеттен 12 теңгеге көтерілгенін біліп, аңтаң болуда. Біздің түсірілім топ, "Жайық жылу қуат" АҚ-ның басшылығына хабарласқан еді. Олардың айтуынша бұның барлығы заңды түрде жасалған. Күн райы салқындағанда шаһарымыздағы барлық үйлерге жылу беру үшін жұмсалатын материалдардың саны артқандықтан, олар тарифті көтеруге мәжбүр көрінеді. Недегенменде "Жайық жылу қуат" АҚ-ның өкілдері бұл жылу есептегіш құралдарды орнату барысында халыққа оның тиімділігін, барлығы арзан болатынын кеңінен насихаттаған болатын. Ал айналып келгенде әдеттегідей еліміздегі орын алып жатқан жаңашылдықтардан бұқара халық зардап шегуде. Болашақта не болары тағыда белгісіз?

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.