0:00 / 0:00
Оралда Үндістанның таңдаулы тауарлары қойылған жәрмеңке өз жұмысын бастады. Аталмыш жәрмеңкеде сапасы көптің көңілінен шыққан тауарлардың алуан түрін кездестіруге болады. Нәзік жандыларға арналған көйлек, әшекей мен емдік қасиеті бар косметиканы да осы шарадан таба аласыздар. Аталмыш шара Ақ жайық өлкесінде он жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.
Көркем туындылар арқылы үнділердің мәдениеті, олардың салт-дәстүрі мен қызылды-жалынды киімдері мен тұтынатын тауарларын танып біліп жүрміз. Қазіргі таңда бұқара халық арасында кеңінен танымал болған үнділердің шайы мен әшекейі, нәзік жандыларға арналған көйлектердің алуан түрі мен ұлттық киімін ешқандай делдалсыз арзан бағаға сатып алуға болады. Он жыл бойы оралдықтардың талғамынан шығып, сапалы тауарымен танымал болған Үндістанның жәрмеңкесі сәуірдің 26-сынан бастап өз жұмысын бастап отыр. Көрмеде мыңнан астам тауар қойылған.
Үндістанның таңдаулы тауарын "Зенит" мәдениет үйіннен табуға болады. Аталмыш жәрмеңке демалыссыз, үзіліссіз таңғы оннан кешкі сегізде дейін сіздер үшін жұмыс жасайды.