0:00 / 0:00
Облыста жоғары сұрыпты бір қап ұнның бағасы 250 теңгеге өсті. Сатушылар соңғы күндері жоғары сұрыпты ұнның құны 250 теңгеге қымбаттағанын айтады. Деседе нанның бағасы кей дүкендерде бұрынғыша қалған. Қазір жоғарғы сұрыпты ұн құны 6 мыңнан. Астық құны макарон өнімдеріне де әсер ететіні аян, сол себепті барлық ұн өнімдерінің құнынында өзгерістер бар. 1 келісі 50-70 теңгеге, ал, 5 келісі 100 теңгеге өскен. Ал, құзырлы орган бидай қоры бар өңірде жеткілікті дейді. Облыстың ірі ұн тартатын кәсіпорындарында 50,4 мың тонна азық-түліктік бидай бар екен.Бөлшек саудада 10 келі астық бұрын 1250 болса, қазір 1500 теңгеден саудаланып жатыр. Саудагерлер өнімге тек 20 пайыз үстеме қосатындарын айтады. Деседе азық түлік дүкендерінде наның бағасы қымбаттамаған. Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары тек 1 сұрыпты астықтың бағасын бақылай алатынын айтады. Жоғары сұрыпты ұнның құнын реттеуге қауқарсыз. Макарон өнімі өскенімен, әзірге нан бағасы өзгеріссіз. Дегенмен қордағы астық таусылса амалсыздан нанның бағасы да қымбаттары хақ.