Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұлы жеңістің 80 жылдығы атап өтілді

c 17:10, 12/05 c 1

Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл қантөгіс - Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толып отыр. 9 мамыр - Жеңіс күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы «Жеңіс» алаңына барып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Жиналған қауым от пен оқтың ортасында Отан үшін жанын шүберекке түйіп, ерлік көрсеткен батырларды үнсіз еске алып, гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Бұл шараны Н.Төреғалиев, соғыс ардагері К.Кочережкин, «Ауыл» партиясының төрағасы С.Егізбаев бастап барды. Және бұл күні Жеңіс алаңына жиналғандар соғысқа барып ел мен жерін қорғауда жанын аямаған бабаларының фотосуретімен келіп еске алды. Батыр балалардың жеңісін ұлықтап, тәуелсіздігіміздің мәңгі болуын тіледі.Сонымен қатар «Бауырластар зираты», Г.Жуков , Т.Масин, «Ол күндердің даңқы өшпейді» ескерткіштеріне де гүл шоқтары қойылды

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.