0:00 / 0:00
Бүгін БҚО төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының ұйымдастыруымен қауіпті улы биологияллық химялық заттардан қорғанудың түрлі тәсілдерін көрсеткен оқу жаттығу шарасы өтті. Оған ұлттық ұлан сарбаздары мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары қатысты. Оқу жаттығу №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің алаңында өтті. Алдымен сарбаздарға улы заттар туралы түсінік беріліп, олардан қорғанудың тәсілдері көрсетілді. Кейін арнайы ұйымдастырылған орында апатқа ұшыраған өте улы зат толтырылған көліктің қауіптілігін жою бағытында жұмыстар жүргізілді. Яғни сарбаздар оқу әдістемісінде көрсетілген қорғану тәсілдерін практикалық бөлімде қолданып қорғану шараларын атқарды. Жалпы облыс бойынша улы химиялық заттар шығаратын 10 кәсіпорын бар. Ал аталған бағыттағы апатты жағдай осыдан 4 жыл бұрын орын алыпты. Улы заттардан қорғану шаралары алдағы уақытта өзге де мекемелерде ұйымдастырылатын болады, дейді төтеншеліктер.