0:00 / 0:00
89 жастағы Дмитрий Волченко сол сұрапыл соғыста екі мәрте жарақаттанып, көз жырағынан айырылған ардагер. Алайда бастан өткен қиындықтарды артта қалдырған ардагер алдағы Ұлы жеңістің 70 жылдық мерей тойын тағатсыздана күтуде. 1926 жылы Орынбор облысында дүниеге келген Дмитрий Волченко 18 жасында Башқұрстан қаласына отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. 5 ай көлемінде әскер қатарында еңбектенген қария сұрапыл соғысқа шақырылып, өзінің фашистермен алғашқы ұрысынт Минск қаласында өткізген. Өкінішке орай ардагердің жары 2007 жылы өмірден озған.Ардагер қазір балаларымен бірге тұрып жатыр. Қазір Дмитрий Волченконың 10 немересі, 13 шөбересі бар. бағып, Бір айта кетерлігі ардагер атамыз 1947 жылдары Магдебург қаласындағы госпетелдердің бірінде қызмет атқарған. Кейін 1950 жылы елге оралып, өмір бойы егінді алқапта комбайын мен трактор айдап, зейнетке шығады.