Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұлттық валюта -тәуелсіздік символы

c 13:34, 15/11/2018 c 2518

0:00 / 0:00

Тәуелсіздіктің төл символы саналатын ұлттық валютамыз теңгенің айналымға енгеніне 25 жыл толды. Елбасы 1993 жылдың он екіншісі қарашасында тиісті жарлыққа қол қойды. 25 жылдың ішінде теңге түрлі кезеңді бастан кешіп, дизайны бірнеше мәрте өзгеріске ұшырады.

Ия, тәуелсіздігін жаңа жариялаған Қазақстан рубльден бас тартқан ең соңғы ел болды. 1992 жылы Елбасының құпия бұйрығымен төл теңгеміздің дизайыны бекітілді. Сол жылы теңгенің авторлары Англияға ұшып, валютаны бастыртып шығарған еді. Елбасының 1993 жылы 12-ші қарашада тиісті жарлыққа қол қойғаннан соң, 15- қарашадан бастап, төл теңгеміз айналымға енді. Еліміздің аумағында банкнот шығатын фабрика мен монета сарайы болмады. Төл теңгенің тарихын танып білу, оны өскелең ұрпаққа түсіндіру бүгінгі күннің басты парызы. Облыс орталығында орын тепкен ұлттық банктың жанынан ашылған мұражай 1998 жылы өз жұмысын бастады. Музейде теңгенің тарихы баяндалған.

Мұражайдың ішінде тәуелсіздік жылдары түрлі кезеңді бастан кешкен түрлі жылдары жарық көрген монеталарды тамашалауға болады.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.