0:00 / 0:00
Осыдан жиырма сегіз жыл бұрын 15-қарашада төл теңгеміз айналымға енді. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев 12-қарашада жарыққа қол қойып, тәуелсіз елдің ұлттық валютасы жарық көрді. Азат ел теңге айналымға шыққанға дейін Ресейдің рубльмен күн көрді. Төл валюта азаттықтың символы. 28 жылдың ішінде теңге бірнеше мәрте дизайнын өзгертті.
Осыдан отыз жыл бұрын тәуелсіздігін алған қазақ елі 1993 жылы ұлттық валютасын айналымға енгізді. 15-қарашаға дейін ел аумағындағы барлық сауда-саттық Ресейдің рубльмен жүзеге асты. Ал төл теңгенің айналымға енуі сөзсіз азаттықтың символына айналды. Тарихтан белгілі болғандай 1992 жылдың 27-тамызда теңгенің дизайны бекітілді. Сол кезде теңгенің суретшілері Англияға аттанғаны белгілі. Қазақстанның алғашқы валютасы Англияда "Харисан және оның ұлдары" фабрикасында басылды. Кейін ұлттық валютаны Орал қаласына әкеліп, еліміздің түпкір-түпкіріне таратты. Осы кезеңді жақсы білетін Ғалия Сатыбалдинамен сұқбаттастық. Ұлттық банктың қызметкерлері үш күннің ішінде миллиардтаған рубльді теңгеге айырбастады. Сол кезде кассирлер банкте түнеп, үйіне 3-4 сағатқа қана жіберілген көрінеді.
28 жылдың ішінде Қазақстанның ұлттық валютасы бірнеше мәрте дизайнын өзгертті. Соңғы өзгерістер 2017 жылдары аяқталды. Бүгінде теңге әлемдегі ең қорғалған валюта саналады. Ақша банкноттары әлемдік сайыстарда топ жарып жүр.
Өскемен қаласында монета жасайтын теңге сарайы орналасқан. Аталмыш сарай күнделікті тиыннан бөлек, коллекциялық және инвестициялық монеталарды шығарады. Коллекциялық монеталар көбінесе атаулы дата мен мәдени, тарихи түсінік беріп, түрлі тақырыптарға негізделген. Ал, инвестициялық монеталар таза алтын, күмістен жасалады. Олардың құны жыл өткен сайын тек артып келеді.
Сурет https://stan.kz/ сайтынан жүктелді