Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұлттық спорт - ұлт құндылығы

c 17:12, 14/05/2018 c 1093

0:00 / 0:00

Бүгінгі таңда, облысымызда ұлттық спорт түрімен кәсіби тұрғыда айналасатын спортшылардың саны 450-ден асып жығылады. Өңірімізде 2002 жылы ашылған ұлттық спорт мектебі 5 бағыт бойынша жұмыстануда. Соңғы жылдары облыс тұрғындарының ұлттық спортқа деген қызығушылығының артқанын айқын аңғаруға болады. Мәселен, биылғы жылы Ақжайық өлкесінде тұңғыш рет «Қансонар-2018» бүркітшілер сайысы болып өткен еді. Бұл сайыста өнер көрсету үшін еліміздің түпкір-түпкірінен келген спортшылардың қарасы қалың болды. Үш күнге созылған сайысты тамашалауға тіпті шетелдік меймандар табан тіреп, алған әсерімен бөліскенін жаңалықтардың өткен санында айтып өткен едік.

Өңірімізде 2002 жылдан бастап ұлттық спорт мектебі ашылған болатын. Бүгінгі таңда, аталмыш спорт мектебінің қабырғасында 450-ден астам спортшы жаттығып жатыр. Спортшылардың дені 7-21 жасқа дейінгі жастар. Бес бағыт бойынша жұмыстанатын мектептің 35 жылқысы бар. Бұл спорт нысанының негізгі мақсаты -  қазақтың байырғы ұлттық спортына деген қызығушылықты арттыру.

Бұл, спорт мектебінің қабырғасында көкпар спортының алатын орны зор. Қазақтың ұлттық ат спортының бұл түрі спортшылардың күш-жігерін арттырып, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін қалыптастырып, ат үстінде мығым отыруға бейімдейді. Сонымен қатар "Көкпар" - аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорттың түрі. Бұл мектептің қабырғасында, ұлттық спорт түрлерінен өзге қала тұрғындарының ат спортына деген қызығушылығын көруге болады. Жылқы жануарын жанындай жақсы көретін жандардың бірі Марина Тюрина есімді Оралдық ару. Ол бес жасынан бастап, атқа отыруды үйреніпті. Мектеп қабырғасында білім алып жатқан бойжеткен болашақта, өз өмірін жылқыға арнап, оларды бағып-қағумен айналыспақ.

Марина Тюрина
Орал қаласының тұрғыны
5 жасынан бастап, жылқыға отырып үйрендім. Бұл жануар маған қатты ұнайды. Өзім 4 бірдей музыкалық аспапта ойнауды үйренсем де, осы жылқы жануарына бүйрегім бұрып тұрды. Бірінші рет, жылқыға жазғы лагерьге қызығушылығым артты. Мектепті аяқтағаннан соң, Мәскеуде білім алғым келеді.

Өңіріміздің спортшылары облыс намысын қорғау үшін маусым айында өтетін ел чемпионаты мен Азия чемпионатына қызу дайындалып жатыр.

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.