0:00 / 0:00
БҚО-да ұлттық спортқа бет бұрған жасөспірімдер көп. Қазіргі таңда облыстың ұлттық спорт мектебінде 180-ге жуық бала тәлім алуда. Олардың 70-сі ат спортымен шұғылданады.
Өңірімізде жасөспірімдер ұлттық спортқа ден қойған. Асан ауылында орналасқан ұлттық спорт мектебінде 180 оқушы осы спорттың қыр-сырын меңгеруде. Олардың 70-сі ат спортымен шұғылданады. Жаттықтырушылар арғымақ тізгіндеген балалар қырағы, тиянақты әрі епті болуға үйренеді,- дейді. Қазіргі таңда жас өрендер атқа отыруға машықтанып, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ пен көкпар тартысты меңгеріп жатыр.
Қазір тұлпар тізгіндеп жүрген өрендер бір жыл бұрын атқа отыруды үйренген.
Ұлттық спорт мектебінің жас спортшылары республикалық сайыстарда өңір намысын қорғап, спорт шебері атануда. Мысалы жақында Маңғыстау жерінде өткен "Ақбидай" жарысында спортшылар командалық есепте 2-орынға ие болыпты.