0:00 / 0:00
Еліміздің бас қаржыгері Ұлттық қордың жағдайын баяндады. Қаржы министрі Ерлан Жамаубаевтың айтуынша, маусымдағы жағдай бойынша Ұлттық қордың активтері 27,6 триллион теңгені құрап отыр. Соның ішінде 58,5 миллиард доллар көлеміндегі валюталық портфель бар.Бұл жайында ол халық алдында онлайн есеп беруі барысында айтты.
Ұлттық қор 2000 жылы құрылған болатын. Мұнай саудасынан түскен қаржы осы қорда жинақталып, болашақтың қамына бағытталған болатын. Алайда, әлемдік дағдарыстан шығу жолында Үкімет бюджет шығыстарын өтеу үшін Ұлттық қордан бірнеше рет қаржы тартты. Осылайша болашақты қаражаты азая бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Ұлттық қордан алынатын қаржыны қысқартуды тапсырғанды. Енді, ондай шығындарды қысқарту қажет. Ұлттық қордың ақшасы болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуымыз керек деді. Халықтың алдында онлайн есеп берген қаржы министрі Ұлттық қордың жағдайына тоқталды.
Ерұлан Жамаубаев – ҚР қаржы министрі «Биылғы жылдың маусымдағы жағдай бойынша Ұлттық қордың активтері 27,6 триллион теңгені құрап отыр. Соның ішінде 58,5 миллиард доллар көлеміндегі валюталық портфель бар. 2020 жылда қордың қаржысы 744 миллиард теңгеге өсті. Министрлік қордың жинақтаушы функциясын күшейту бағытында жүйелі жұмыс атқарып келеді. Атап айтқанда, бюджеттік кодекске кепілдендірілген трансфертті бірітіндеп азайтуға қатысты өзгеріс енгізілді. Бұл ұлттық қор активтерінің жинақталуына ықпал етеді»
Алайда, қоғамда ұлттық қордың болашаққа бұйыратынына сенім аз. Қазір қорда 58,5 млрд доллар қалды. Бұл төрт жыл бойы әлеуметтік міндеттерді атқаруға жетеді. Өкініштісі сол, қордан тартылған қаражатты, құзырлы органдар тиімсіз пайдаланып жатады. Қазына қаржысы жемқорлардың қолында кетуде. Қазір Үкімет бизнеске жеңілдетілген несие беруді осы қордың көмегімен шешпекші. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан ипортқа тәуелділіктен арылмай, өз өнімін өндіруді дамытпай қорға аузын аша беретін болады.